Әубәкіров Айтказы Әлімбайұлы — бөлім басшысы
Әубәкiров Айтқазы Әлiмбайұлы 1970 жылы 7 желтоқсанда Көкшетау облысы Ленинград ауданы Менжинский совхозында дүниеге келген. 1978 жылдан 1988 жылға дейiн Менжинка орта мектебiнде оқыды.
1988-1990 жылдары — Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттi.
1991 жылдан 1992 жылға дейiн Менжинский совхозының штатында ЛСМ құюшысы болып жұмыс iстедi.
1992 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап Менжинка орта мектебiне дене шынықтыру пәнiнiң мұғалiмi болып қабылданды.
1994 жылы осы мектепте химия, биология мұғалiмi болып ауыстырылды.
1999 жылдан 2010 жылға дейiн — СҚО Ақжар ауданы Байтүс негiзгi мектебiнiң директоры.
2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Дәуiт орта мектебiнiң директоры.
2012 жылдың қаңтар айында аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды.
2014 жылы «Уәлиханов ауданы әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ басшысы лауазымына тағайындалды.
Мақаланы құрған күні 01.03.2018 09:39
Мақаланы жаңартқан күні 03.02.2020 09:56